Шымкент тұрғынынан 63 келі күміс тәркіленді

Камила Долаева Журналист
Шымкент тұрғынынан 63 келі күміс тәркіленді © pixabay.com

Шымкент қаласының тұрғынынан тәркіленген күміс зергерлік бұйымдар мемлекет кірісіне алынды, - деп хабарлайды Otyrar.kz

Шымкент қаласының тұрғынынан тәркіленген күміс зергерлік бұйымдар мемлекет кірісіне алынды, - деп хабарлайды Otyrar.kz

Шымкент қаласындағы экономикалық тергеулер басқармасы қала бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын 63 келі 825 грамм күміс әшекей бұйымдарды мемлекет кірісіне алды.

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Шымкент қаласының тұрғыны А. С.-дан контрабандалық күміс тәркіленді.

Жарнама
Жарнама

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен, ол экономикалық контрабанда үшін кінәлі деп танылды (ҚР ҚК 234-бабы).

Сот шешімімен А. С. шартты түрде 2 жылға бас бостандығынан айыррылды. Контрабандалық күміс тәркіленді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама