Шымкентте 9 қылмыстық топ ұсталды

Шымкентте 9 қылмыстық топ ұсталды © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкент полицейлері 46 п?терді? тоналуына ?атысы бар то?ыз ?ылмысты? топты ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Шымкент полицейлері 46 пәтердің тоналуына қатысы бар тоғыз қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7-13 шілде аралығында Шымкентте "Қауіпсіз қала" жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Нәтижесінде 9 қылмыстық топ ұсталып, 73 қылмыс ашылды. Олардың ішінде пәтер тонау, қарақшылық, алаяқтық және автокөлік құралдарын ұрлау деректері бар.

Реклама
Реклама

"Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің қала аумағында 46 пәтердің тоналу дерегіне қатысы бар екені анықталды. Осы деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық"), 190-бабы ("Алаяқтық") және 191-баптары ("Тонау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қылмыстық топ мүшелерінің ішінде Қызылорда мен Тараз қаласының тұрғындары бар.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама