Шымкентте ақша бопсалаған деген күдікпен ер адам ұсталды

© Tengrinews.kz

Шымкентте сот шешімімен а?ша бопсалады деген к?дікпен ер адам ?амалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Шымкентте сот шешімімен ақша бопсалады деген күдікпен ер адам қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстың Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына Шымкентте ер адам видеокамераға түсірілген материалдарды жариялаймын деп ақша бопсалап жүр деген хабарлама түскен. 

"Аталған дерек ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Жедел іздеу шаралары барысында Шымкент қаласының 1980 жылы туған тұрғыны 50 мың теңге алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 253-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Реклама
Реклама

ОҚО-ның Абай аудандық соты 36 жастағы күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды. Полицейдер оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы барын анықтады. Соталды тергеу жүріп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама