Шымкентте атыс шығарды делінген 25 жастағы ер адам ұсталды

Шымкентте салдарынан жігіт ?аза тап?ан атыс?а ?атысы бар делінген ер адам ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?л-Фараби ауданды? прокуратура?а сілтеме жасап.

Шымкентте салдарынан жігіт қаза тапқан атысқа қатысы бар делінген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әл-Фараби аудандық прокуратураға сілтеме жасап.

Тексеру органдағылардың айтуынша, осы іс бойынша 25 жастағы ер адам ұсталды. "Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қалалық Бас ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді прокуратура өкілдері.

Айта кетейік, бұл оқиға 9 қаңтарда таңғы сағат 5-те "Кен баба" саябағының маңында болған. "Оқиға орнын тексеру барысында оқ жарақатын алған мәйіт табылды. Бұл дерек "Адам өлтіру" бабы бойынша бірыңғай тергеу реестріне тіркелді", - деді органдағылар. 

Реклама
Реклама

Полицейлердің айтуынша, сол маңдағы дәмханалардың бірінде бір топ ер адамдардың арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Содан олардың біреуі оқ атып, оқиға орнынан жасырынған.

Заттай дәлелдер тәркіленді. Бірқатар сараптама тағайындалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама