Шымкентте ер адам 5 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

© time.com

Шымкентте 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен 34 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылардың айтуынша, 2016 жылдың 11 шілдесінде кешкі уақытта жергілікті тұрғын полицияға шағым түсірген. Әйелдің айтуынша, 30-35 жас шамасындағы белгісіз ер адам оның 2011 жылы туған қызын зорлауға оқталған. Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні ұстады. Ол Ордабасы ауданының 1982 жылы дүниеге келген тұрғыны болып шықты. 

Айта кетейік, бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша ("Жас балаларды азғындық жолға түсіру") тіркелді. Ал сот-медициналық сараптаманың қорытындысы 5 жасар қыздың денесінен ешқандай дене жарақаттары анықталмағанын көрсетті. Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Реклама
Реклама

Ал осы уақытта жергілікті TVK телеарнасы ұсталған күдіктіден жауап алынған сәттің видеосын жария етті. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама