Шымкентте ер адам әлеуметтік желілер арқылы қыздармен танысып, кейіннен оларды тонап жүрген

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте ?ыздармен Интернетте танысып, оларды кездесуге ша?ырып, кейіннен тонап кетіп ж?рген ер адам ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі О?О ІІД баспас?з ?ызметіні? м?ліметінше,

Шымкентте қыздармен Интернетте танысып, оларды кездесуге шақырып, кейіннен тонап кетіп жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше,

Алаяқ әлеуметтік желілерде қыздарды кездесуге шақырып, олардың сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен алтын бұйымдарын, ұялы телефондарын және басқа да бағалы заттарын алып кетіп жүрген. Артынша жасырынған. Ал ұрланған заттарды алаяқ сатып жіберіп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жүрген.

"Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне 28 жастағы қыз Ордабасы алаңында оған бір ер адамның жақындап, сеніміне кіріп, алтын бұйымдарын алып кетіп, оқиға орнынан жасырынып кеткенін хабарлады", - деді полициядағылар.

Реклама
Реклама

Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы күдікті ұсталды. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты, осыған дейін сотты болған.

"Бүгінде тергеу ұсталған ер адамның тағы 8 алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша ("Алаяқтық") қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама