ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 қараша 2017 11:43
Шымкентте зауыттан табылған сәбидің денесі. Астанада күдікті ұсталды
О?т?стік ?аза?стан облысыны? полицейлері жа?а ту?ан с?биді ?лтірді деген к?діктіні ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жаңа туған сәбиді өлтірді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ОҚО ІІД өкілдері жедел-іздестіру шаралары барысында Астанада 26 жастағы әйелді ұстады. Ол Астана тұрғыны болып шықты, өз кінәсін мойындады", деп хабарлады полициядағылар.
Қазіргі уақытта полициядағылар қылмыстың мән-жайын анықтап жатыр. Күдікті жақын арада Шымкентке жеткізіледі. Күдіктіні ұстауға ОҚО ІІД бүкіл құрамы жұмылды.
Еске сала кетейік, 20 қазанда Шымкентте зауыттан сәбидің денесі табылған еді. ІІД мәліметінше, табылған сәби - қыз бала.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу