Тағы бір қаржы пирамидасы қазақстандықтардың 70 миллион теңгесін алып қойған

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар қаржы пирамидасына 70 миллионға алданып қалды. Ақмолалық полицейлер Интернет көмегімен ақша пирамидасын ұйымдастырған алаяқ әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көкшетау қаласының полициясына 65 жастағы жергілікті тұрғын арыз жазған. Оның айтуынша, бейтаныс әйел интернет-ресурстардың көмегімен алдау арқылы 63 мың теңгесін қолды қылған. Тәртіп сақшылары ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу жүргізді.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 48 жастағы көкшетаулық әйел 2020 жылы WhatsApp-та ақша пирамидасын ұйымдастыру үшін топ ашқаны анықталды. Онда Ақтау, Жаңаөзен, Нұр-Сұлтан, Павлодар және басқа қалалардан 20-ға жуық адам болған. Оларға келтірілген залалдың жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асады. Әйел өз кінәсін мойындады", - деді полиция өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама