20 шілде 2020 | 15:01

Тағы бір видео жарияланды: Қызылорда облысында болған төбелестің мән-жайы анықталды

Видеодан кадр

Қызылорда облысында Полиция департаменті бейнебақылау камерасына жазылған видеоны таратты. Онда екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің төбелесі бейнеленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында Полиция департаменті бейнебақылау камерасына жазылған видеоны таратты. Онда екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің төбелесі бейнеленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Полиция департаментімен бейнетіркегішке жазылған бейнежазба ұсынылады. Онда екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің төбелесі бейнеленген. Олардың алған дене жарақаттары осы төбелестің салдарынан болған. Оқиға орнына келген полицейлерге құқық бұзушылар қарсылық танытып, заңсыз әрекетке барады. Ішімдік ішкен екі бұзақының әкесі полиция қызметкерлеріне күш қолдану арқылы қарсылық көрсеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ПД хабарлауына қарағанда, аталған оқиғаға қатысушылар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Айта кетерлік жайт, бұл отбасы үнемі қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзады. Олардың үстінен полицияға көптеген шағымдар келіп түсуде. Азаматшаның өтініші бойынша және оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның беті мозайкамен жабылды", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная