13 қаңтар 2023 | 09:31

Талдықорған тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Талдықорғанда әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 қаңтарда Талдықорған полициясына көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтерден денесінде пышақ жарақаттарымен 42-жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Пәтер азаматтық некедегі ерлі-зайыптыға жалға берілген, олар сол күні кешке құрбысымен мерекелік отырыста ішімдік ішкені анықталды.

"Бұл дерек бойынша ер адамның өліміне азаматтық некеде бірге тұратын 33 жастағы әйелдің қатысы бар екені белгілі болды. Әйел ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде оқиға орнынан табылған асүй пышағы, сондай-ақ, қылмыстың куәгері болған ерлі-зайыптының қонағынан жауап алынды", - дейді Талдықорған қаласының полициясы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная