28 желтоқсан 2022 | 08:52

Талдықорғанда 5 жасар қызын өлтірген әйел мен сыбайласы сотталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 5 жасар қызын өлтірген анасы мен оның серігіне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 5 жасар қызын өлтірген анасы мен оның серігіне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, жеті ай бұрын Сарқан қаласының шетіндегі қоқыстан 5 жастағы қыздың денесі табылған болатын. Аружан есімді қыздың мәйіті қоқыста үш ай бойы жатқан. Қаңқасы ғана қалған баланың мәйітін далада ойнап жүрген балалар тауып алған.

Кейін қызды туған анасы мен нағашы ағасы қылқындырып өлтіріп, қоқысқа тастап кеткені белгілі болған. Ал баланы анасы 14 жасында босаныпты. Оны сол кезде ағасы зорлап, жүкті болып қалған.

Реклама
Реклама

Көп ұзамай полицейлер марқұмның 19 жастағы анасын ұстады, ол қыздың ақпанда аурудан қайтыс болғанын айтқан. Әйелдің айтуынша, қыз бала церебральды сал ауруына шалдыққан және ақыл-ойы кем.

Сот мәліметінше, сотталушылар Сарқан қаласының сыртында орналасқан кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыс төгетін орынға келіп алдына ала сөз байласу арқылы, еш қарсылық көрсете алмайтын дәрменсіз жатқан жас баланы қылқындырып өлтірген, содан соң баланың мәйітін жасырып, екеуі оқиға орнынан таса болған.

"Баланы өлтіру дерегі бойынша нағашы ағасы мен шешесіне қатысты сот үкімі жарияланып, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная