Талдықорғанда ақбөкен мүйіздерін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Талдықорғанда ақбөкен мүйізін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.

Талдықорғанда ақбөкен мүйізін сатпақ болған ауыл тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.

8 қаңтарда күдікті полицейлердің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұлан арнайы күштері қызметкерлерінің көмегімен ұсталған. Ақсу ауданының 32 жастағы тұрғыны ақбөкен мүйізін заңсыз сатпақ болған.
Тінту кезінде 222 дана жануарлардың дериваттары бар екі жол сөмкесі тәркіленген.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес жүргізіледі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

Реклама
Реклама

Ұсталған адам қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама