21 тамыз 2022 | 13:54

Талдықорғанда әйелді соққыға жыққан ер адам іздестіріліп жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Талдықорғанда ер адам әйелді соққыға жыққан. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ер адам әйелді соққыға жыққан. Куәгерлер бұл оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желілерде 20 тамызда жарияланған. Кадрлардан ер адам көшеде отырған әйелді бірнеше рет ұрғанын көруге болады. Кейін ол оны ғимаратқа кіргізуге тырысады.

Реклама
Реклама

Жетісу облыстық Полиция департаменті өкілі видеодағы ер адамды іздеу жұмыстары басталғанын айтты.

"Бұл оқиға 20 тамызда кешке Талдықорғандағы Қабанбай батыр көшесінде, ақын Сара көшесіне жақын маңда болған. Қалалық полицияға хабар, арыз түскен жоқ. Бұл дерек бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажет іс-шаралар ұйымдастырылды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерінен 102-ге хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram