08 қараша 2019 | 17:58

Талдықорғанда екі жігіт такси жүргізушісін пышақтап, жолдың шетінде қалдырып кеткен

Видеодан алынған кадр

Талдықорғанда екі ер адам такси жүргізушісін пышақтап, оны жолдың шетінде өлімші күйде қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда екі ер адам такси жүргізушісін пышақтап, оны жолдың шетінде өлімші күйде қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға 8 қарашаға қараған түні болған. Екі ер адам оны пышақтап кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Қазіргі уақытта олар ұсталды.

Реклама
Реклама

"Жүргізушіні пышақтағандардың облыс орталығынан Audi 100 көлігімен кетіп қалғаны анықталды. Көлік Үштөбеге кірер жерде ұсталған. Ұстауға екі патрульдік көлік жұмылдырылды. Олар Талдықорғанға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды," - деді Талдықорған қалалық полиция басшысы Асқар Нұрсапа.

Полицейлердің мәліметінше, күдіктілер - Сарқан ауданының тұрғындары, екеуі де 2001 жылғы. Біреуі осыған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты, бірақ кәмелетке толмағандықтан түрмеге қамалмаған.

Ұсталғандар бұл қылмысқа дайындалғанын айтқан. Олар ұрланған көлікті бөлшектеп сатпақшы болған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная