20 қараша 2018 | 12:21

Талдықорғанда есірткі сатқан ер адам ұсталды

Алматы облысы аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында Талдықорғанның 47 жастағы тұрғынының үйінен саудалау мақсатында әзірлеп қойған "кептірілген марихуанна" есірткі заты табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Допинг" шарасы барысында 47 жастағы азаматтың үйінен 125 грамм есірткі заты табылды. Оны өзгелерге сату мақсатында дайындағаны анықталды. Есірткі тәркіленді және бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297- бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полицейлер.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, шара кезінде бір күн ішінде полицейлер есірткі заттарын заңсыз сақтаудың бірнеше дерегі анықталған айтылады. Қаратал ауданында 50 жастағы ер адамнан 2 келіден 700 грамм есірткі тәркіленіп, оған қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдарын басталды.

"Панфилов ауданының 68 жастағы тұрғыны үш жарым келіге жуық есірткі құралдарын үйінде заңсыз сақтағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазасын алатын болады. Ал Іле ауданының тәртіп сақшылары 41 жастағы тұрғынның үйінен 5 граммға жуық марихуанна есірткісін тауып, оны мекенжайын өзгертпеу және келу туралы міндеттемемен жіберді", - деп хабарлады полициядағылар.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша биыл Алматы облысының полицейлері заңсыз айналымнан 4 тоннадан аса есірткі заттарын тәркілеп, оны жойған. Оның ішінде 1 келіден аса героин және 14 келі гашиш есірткі заты да бар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram