Талдықорғанда жол апатынан 4 жасар бала қаза тапты

instagram/angry_taldyk

Талдықорғанда жол апаты болып, 4 жасар бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Талдықорғанда жол апаты болып, 4 жасар бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

BMW 530, ВАЗ-2114 және Toyota Chaser көліктері соқтығысып, 4 жасар бала қаза тапты. Апаттан 23 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі және бір жолаушы зардап шекті, олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

BMW 530 көлігін 42 жастағы жергілікті тұрғын басқарғаны анықталды, ол Рақышев көшесінде ВАЗ-2114-пен соқтығысып, сонымен қатар, тұрақта тұрған Toyota Сhaser көлігін соққан.

Реклама
Реклама

Медициналық куәландыруға сәйкес, неміс көлігінің жүргізушісі мас күйде болған. Ер адам қалалық полицияға жеткізіліп, қамауға алынды. Соталды тергеу басталды.

Желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Оны блогер Сандуғаш Дүйсенова түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама