Талдықорғанда жол апатынан екі бала зардап шекті: 48 жастағы әйел ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Талдықорғанда жол апатынан екі бала зардап шекті, полицейлер 48 жастағы әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорғанда жол апатынан екі бала зардап шекті, полицейлер 48 жастағы әйелді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талдықорған қаласында 12 ақпанда Nissan Juke және Haval Dargo көліктерінің қатысуымен жол апаты тіркелді. Соқтығысу кезінде автокөліктердің бірінің салонында болған екі жас бала (5 және 6 жас) зардап шекті. Балалар әртүрлі жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.

Екі көліктің жүргізушілері де медициналық тексеруден өтті.

Реклама
Реклама

"Nissan Juke көлігін басқарған 48-жастағы әйелдің орташа дәрежелі мас күйінде екені анықталды. Полиция оны медициналық айықтырғышқа алып барды, ал оның Nissan Juke көлігі мен апатқа қатысқан екінші Haval Dargo көлігі арнайы автотұраққа орналастырылды.

Жол-көлік оқиғасына жүргізушілердің қайсысы себепкер болғанын ҚР ҚК 345-1-бабы бойынша (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) жүргізілетін соталды тергеу шеңберінде анықталады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама