14 тамыз 2022 09:37

Талдықорғанда қаңтар оқиғасына қатысушыға сот үкімі шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: zhmb.sud.kz

Талдықорғанда қаңтар оқиғасына қатысушы үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талдықорған қалалық сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда қаңтар оқиғасына қатысушы үш жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талдықорған қалалық сотына сілтеме жасап.

"Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен қарақшылық шабуыл, мүлкін жою, мемлекеттік қызметшілерге қарсылық көрсетті, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыпталған Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады", - деп хабарлады қалалық сот.

Қалалық сот айыпталушының тағылған айыпты толығымен мойындағанын атап өтті. Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуді сұрады.

Реклама
Реклама

"ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы 2-бөлігінің санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Сот айыпталушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram