ПОДЕЛИТЬСЯ
12 наурыз 2022 | 14:15
Талдықорғанда мұғалімге балағат сөйлеген оқушыға әкімшілік хаттама толтырылды
Талдықорғанда №4 мектепте биология мұғалімі 2005 жылғы оқушының атына арызданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талдықорғанда №4 мектепте биология мұғалімі 2005 жылғы оқушының атына арызданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, 11 наурызда биология сабағында 2005 жылғы оқушы мұғаліммен қатты дауыспен балағат сөздер айтып сөйлескен. Мұғалім қалалық полиция бөліміне арыз жазған.
"Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналарға жауапкершілік қарастырылған.
"Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады", - деді БҒМ өкілдері.
Министрлік мұғалімдерге мұндай көзқарасқа жол берілмейтінін хабарлады. Мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балаларымен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды екені атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также