ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2023 | 09:33
Талдықорғанда педофил 20 жылға сотталды
Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот кәмелетке толмаған қызды зорлады деген 37 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талдықорғанда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот кәмелетке толмаған қызды зорлады деген 37 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тергеу амалдары 2022 жылғы тамызда жергілікті тұрғынның арызына сәйкес, ҚР ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша басталды. Әйел күйеуін өзінің 11 жастағы қызына сексуалдық зорлық жасады деп айыптады.
"Ер адам ұсталып, полицияға жеткізілген. Күдіктінің бұрын бірнеше рет жауапқа тартылғаны және жазасын пенитенциарлық жүйенің мекемелерінде өтегені анықталды. Тергеу шеңберінде дәлелдемелік база жиналып, бірқатар сараптама жүргізілді, олардың нәтижелері қылмыстық іс материалдарына заттай айғақ ретінде қоса тіркелді. Нәтижесінде істі сотқа жібере отырып, айыптау актісі жасалды", - деді Талдықорған полиция бөлімі бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 20 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең жоғары қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также