13 қазан 2020 14:35

Талдықорғанда тәнін саудалаған ер адамдар ұсталды

Скрин видео

Талдықорғанда тәнін саудалаған ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда тәнін саудалаған ер адамдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы қаласы полиция департаменті криминалды полиция басқармасына қаладағы монша кешендендерінің бірінде әкімші жеңгетайлықпен айналысатыны туралы ақпарат түскен. Ол бұл қызметі үшін ақша алған. Ал интим қызметті жігіттер көрсеткен.

Реклама
Реклама

"Жедел-іздестіру шарасы барысында ақпарат расталып, криминалды полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы әйелді ұсталған. Ол Талдықорған қаласында тұрған", - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеріс барысында әкімші өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірін тікелей бергені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram