24 қараша 2022 | 09:49

Талдықорғандық әйел "таныстары" барын айтып, 35 миллион теңгені алдап алған

Дина Шарипханова Корреспондент
© elements.envato.com

Талдықорғанда полицейлер 2021 және 2022 жылдары тіркелген ірі алаяқтық деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талдықорғанда полицейлер 2021 және 2022 жылдары тіркелген ірі алаяқтық деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс материалдарында бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 28 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілінген.

Іскер қыз талдықорғандықтарға мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмек бере алатынын, қала әкімдігінде мықты таныстары бар екенін айтады.

Тергеу барысында күдікті ешбір тұрғын үй комиссиясының мүшесі емес екені және ешбір мемлекеттік органның қызметкері емес екені анықталған.

Реклама
Реклама

"Күдікті алаяқтық бойынша 14 дерекке қатысты. Жәбірленушілердің жалпы материалдық шығыны 35 миллион 580 мың теңге болады. Әйел қамауға алынып, Талдықорғандағы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", - деді Талдықорған қалалық тергеу бөлімінің тергеушісі Ілияс Алдабергенов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная