Талдықорғанда шетелдік әйел өз баласын сатпақшы болған

© РИА Новости

Алматы облысында 31 жаста?ы шетелдік азаматша ?зіні? жа?а ту?ан баласын сатып жібермек бол?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында 31 жастағы шетелдік азаматша өзінің жаңа туған баласын сатып жібермек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адамды 24 тамызда Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Осы анықталған дерек бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы ("Кәмелетке толмағандар саудасы") бойынша қылмыстық өндіріс қозғады.

"Күдікі әйел жаңа туған сәбиін 400 мың теңгеге сатып жатқан сәтінде ұсталды. Оның Қазақстанға биыл көктемде нәпақа іздеп келгені және мамыр айында босанғаны анықталды. Ұсталған әйел қамауға алынды. Қыз Сәбилер үйінің мамандарының қарауында", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама