Талғар ауданында такси жүргізушісін 37 жерден пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Талғар ауданында такси жүргізушісін 37 жерден пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Алматы облысы Талғар ауданының полиция басқармасы 37 жерден пышақталған ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Талғар ауданының полиция басқармасы 37 жерден пышақталған ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

17 желтоқсанда полицияға Кеңдала ауылының шетінде ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен, 18 желтоқсанда мәйіттен 1 200 метр қашықтан марқұмның көлігі табылды. Ол жолаушы тасымалымен шұғылданған.

"Қылмыскер қылмысты алдын ала егжей-тегжейлі ұйымдастырған. Бір реттік абоненттік нөмір, ұялы телефон және сапалы қару пайдаланған. Қылмыс жасауға болатын және ол жерден кете алатын орынды білген", - делінген полиция хабарламасында.

Реклама
Реклама

Бір аптадан кейін Алматыда такси жүргізушісін өлтірген күдікті ұсталды.

"Заттар айғақтар негізінде күдікті Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қылмыс кезінде киген қан іздері бар киім, бәкі тәркіленді. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне қарай жария етуге жатпайды", – деп қосты полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама