15 желтоқсан 2021 | 11:47

Талғар ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Серікжан Ерекешев. Фото: Талғар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешовке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешовке қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметіне сілтеме жасап.

14 желтоқсанда Алматы облысы Талғар аудандық соты Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешовке және Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа қатысты үкім шығарды.

Айыпталушылар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінген.

Реклама
Реклама

"Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 миллион теңге айыппұл салынды.

Осы үкім бойынша, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа 29,7 миллион теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев ТКШ бөлімінің басшысы мен орынбасарымен бірге ұстағаны хабарланған болатын. Кейін шенеуніктердің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды.

Еске салайық, Серікжан Ерекешев Талғар ауданының әкімі болып 2020 жылы тамыздың ортасында тағайындалған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная