01 наурыз 2021 | 14:36

Талғар ауруханасында науқастың туысынан соққы жеген хирург: оқиғаның мән-жайы айтылды

Иллюстративное фото: zi.ua

Талғар аудандық орталық ауруханасы науқастың туыстарынан соққы жеген хирург оқиғасының мән-жайын айтып берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Талғар аудандық орталық ауруханасы науқастың туыстарынан соққы жеген хирург оқиғасының мән-жайын айтып берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медициналық мекеменің мәліметіне қарағанда, оқиға ақпанның соңғы күні таңертең болған. Шамамен 4:00-де науқас жедел жәрдеммен ұлымен бірге келген. 58 жастағы әйелде соқырішек ауруының белгілері болып, кезекші хирург оған медициналық көмек көрсете бастаған. Ол медбикелерден сынақ алуды сұрап, нәтижесі дайын болғаннан кейін диагнозын келісу үшін тағы бір маманды - гинекологты шақырған.

"Біздің хирург науқастарды қабылдаудың барлық хаттамасын ұстанды. Гинеколог 10-15 минутта келуі керек еді. Алайда шыдамсыз ұлы бұған келіспеді. Ол науқасқа көмек көрсетіп жатқанда хирургтың бетін жұдырықпен бір ұрды", - деді аурухананың баспасөз хатшысы Гүлжан Қойшыбаева.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, шабуылдаушы салмағы 50 келі дәрігерден екі-үш есе үлкен болған. Оқиғадан кейін кезекші хирургтың миы шайқалған. 

"Беті ісіп, сол жағы қисайды. Кешегі оқиғадан кейін оның жүрегі айтып, құсты. Қазір жалпы жағдайы орташа, жақсарып келеді. Бүгін жақсы болып қалды. Ол қалпына келу үшін шамамен жеті күн керек", - дейді дәрігерлер.

Зардап шеккен 31 жастағы дәрігер ауруханада 2017 жылдан бері жұмыс істейді екен.

"Осы уақытқа дейін ол дәрігер болу үшін 10 жыл оқып, тәжірибе жинады. Оқуына көп уақыт бөліп, жалақы алмаса да, оқуға ақша жұмсап келді. Содан кейін бізге ауруханаға келіп, пациенттерден осындай "алғыс" алады. Осылай жалғаса берсе ертең басқа дәрігерлер мамандық бойынша жұмыс істеуден бас тартады. Өйткені хирург болу үшін өмірінің 15 жылын өткізіп, содан кейін опық жеген кімге керек?

Бұл сорақы жағдай. Жұмыс істейтін хирургтар өзі де аз. Біздің ауруханада хирург күніне 14 сағаттық ауысымда 170-ке дейін пациент қабылдайды, олардың қырығына жуығына ота жасалады. Енді бір маманның жоқтығынан қалған дәрігерлерге жүктеме артады", - деді Қойшыбаева.

Ол қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл іспен айналысып жатқанын айтты.

Бұған дейін Талғар ауданы орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде науқастың туыстары түнгі кезекшілікте болып, науқастарды қабылдаған хирургті ұрып-соққаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная