ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2021 | 16:23
Талғарда адам қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Талғарда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті деген күдікпен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талғарда жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті деген күдікпен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 26 жастағы жүргізуші Талғардағы Менделеев көшесімен батыс бағытқа қарай келе жатып, 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен және оқиға орнынан бой тасалаған.
"Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ПД өкілдері.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласында жүргізуші 18 жастағы жігітті қағып, оқиға орнынан қашып кеткені хабарланған болатын.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болған. Дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша тіркелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также