23 желтоқсан 2021 09:23

Талғарда қаза тапқан жігіттің әпкесі Тоқаевтан көмек сұрады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© instagram/maralzhenisova

Биыл қазанда Талғардағы Менделеев көшесінде полицейлер қағып кеткен 18 жастағы жігіттің әпкесі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне-үндеу жазып, оны Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл қазанда Талғардағы Менделеев көшесінде полицейлер қағып кеткен 18 жастағы жігіттің әпкесі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне-үндеу жазып, оны Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз полиция қызметкері жоғары жылдамдықпен келе жатып, інісін қағып өлтіріп, қылмыс орнынан қашып кеткенін айтты. Оның айтуынша, оқиға кезінде көлікте тағы бір адам болған. Ол - Талғар мектептерінің бірінің АӘД оқытушысы.

"Қылмыскердің балаларға бірдеңе үйрете алатындай моральдық құқығы бар ма деген сұрақ туындайды. Ең сорақысы - олар қылмыс ізін жасырып, сынған әйнекті алып тастауы. Інімнің орнында кез келген басқа оқушы болуы мүмкін", - деді марқұмның әпкесі.

Реклама
Реклама

Қыз қайғылы жағдайға дейін полиция қызметкері қатты мас болғанын айтты. Оның айтуынша, осындай жағдайда бола тұра, оның рөлге неге отырғанын түсінбейді. Марқұмның әпкесі полиция қызметкерлерінің жазасыз қалғанына наразы.

"Қазір біз полиция қызметкерлері заңды жақсы біле тұра, оны бұзып, жазасыз қалатын елде тұрамыз. Кінәліні қатаң түрде жазалауды және қылмысты жасырғаны үшін екінші айыпталушыны жауапқа тартуды талап етеміз. Бұл істі жеке бақылауыңызға алуды сұраймыз", - деді өтініш авторы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram