21 шілде 2022 09:07

Талғарда төбелес соңы атысқа ұласып, бір адам қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент
© instagram/kris_p_talgar

Талғарда төбелес соңы атысқа ұласып, адам өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kz kris_p_talgar парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда төбелес соңы атысқа ұласып, адам өлімімен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі kz kris_p_talgar парақшасына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 18 шілдеге қараған түні Талхиз елді мекеніндегі тауда екі топ арасында төбелес болған. Атыс пен пышақтау салдарынан 1988 жылы туған ер адам пышақ жарақатынан қаза болды, тағы бір 1989 жылы туған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Басқа да зардап шеккендер бар.

Instagram-паблик қақтығыс болған жерде түсірілген суреттерді бөлісті. Кадрларда таулы аймақ, оқиға орнын қоршап тұрған лента, қан іздері көрінеді.

Реклама
Реклама

Қарулы қақтығыс дерегін "Пятый регион" басылымына Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған.

Ведомство мәліметінше, екі топ арасындағы жанжал пышақ пен атыс қаруын қолдану арқылы болған. Оқиғаға жергілікті сегіз тұрғын қатысқан. Зардап шеккендердің бірі ауруханада алған жарақаттарынан қаза болды.

"Жанжалға қатысушылар анықталып, ұсталды. Негізгі айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") және Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі ("Атыс қаруын, газды, пышақ және басқа да қырлы қаруды қолданып бұзақылық жасау") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.

ПД бұл іс облыстық департаментте ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram