ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2022 | 17:26
Талғарда уақытша ұстау изоляторында отырған күдікті өзіне қол жұмсаған
Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікті тергеу изоляторында өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 3 желтоқсанда Талғар ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 3-1-бөлігінде ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") көзделген қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған 19 жастағы күдіктіні ұстаған. Ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынған.
Ал 5 желтоқсанда сағат 13:55 шамасында күдікті уақытша ұстау изоляторы камерасында асылып қалған.
Қайтыс болу дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-бөлігі бойынша Талғар ауданының соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Қазір барлық қажет сараптама тағайындалған, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также