ПОДЕЛИТЬСЯ
09 қазан 2024 | 15:30
Талғардағы адам өлімі: Шерзат Болат ауруханаға жеткізілгенде қандай жарақаттары болған?
Талғар аудандық ауруханасында қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болат қандай жарақаттармен түскені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Талғар аудандық ауруханасында қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болат қандай жарақаттармен түскені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Талғар аудандық ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Ғалымжан Есеналиевтің айтуынша, жасөспірім 4 қазанда сағат 00:58-де түскен. Оны және тағы бір зардап шегуші - Шерзаттың ағасын жасөспірімнің әкесі көлігімен алып келген.
"Науқас (Шерзат-еск.) ақтық күйде болды. Алдын ала диагноз - кеуде қуысының ашық жарақаты, яғни кеуде қуысының сол жағында пышақ жарақаты. Ашық жүрек жарасы мен жүрек тығындалуы болды. Оған дереу медициналық көмек, жүрек-өкпе реанимациясы көрсетілді, бірақ нәтиже болмады", - деді Есеналиев.
Шерзаттың ағасы да ауруханаға түсті, бірақ ол келесі күні таңертең ауруханадан шыққан.
"Науқастың алған жарақатына байланысты жағдайы орташа ауыр дәрежеде болды. Науқасты қарау кезінде бастың маңдай аймағында сырылған жара, желке аймағында гематома, жұмсақ тіндердің ісінуі, пальпация кезінде ауырсыну болды. Жабық бас миының жарақаты. Мидың шайқалуы. Бастың маңдай бөлігіндегі жұмсақ тіндердің көгеруі және сырылуы, бастың желке бөлігіндегі гематома. Кеуде органдарының жабық жарақаты. Екі шынтақ буынындағы жұмсақ тіндердің көгеруі. Оң жақ жамбас аймағында бірнеше сырылған жаралар. Оң тізе буынының жұмсақ тіндерінің көгеруі", - деп хабарлады ауруханада.
Төбелес салдарынан тағы бір жігіт зардап шеккен, алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Шерзаттың досы. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға сәлден соң түскен. Оған медициналық көмек көрсетіліп, қазір амбулаторлық ем қабылдап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также