ПОДЕЛИТЬСЯ
02 сәуір 2020 | 12:22
Талғарлық шенеуніктер ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді
Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Олар Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі Қызыл ту ауылында біреудің жеке мүлкі және жер учаскесін заңсыз иемденіп, жалға алу мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оған басшылық етті деген күдікке ілінді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімдері де жемқорлық жасады деген күдікке ілініп отыр. Оларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также