Талғат Ермегияев өзіне тағылған айыпты мойындамады

© Тұрар Қазанғапов

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев сотта өзіне тағылған айыпты мойындамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.

"Айыптау актісі түсініксіз. Мен кінәні мойындамаймын. Прокурормен және жәбірленушілермен келісімге қол қоймаймын", - деді Ермегияев сот залында. Айта кетейік, прокурорлар айыптау қорытындысын оқыды. Іс бойынша 23 адам айыпталып жатыр. Олардың кейбірі айыптау қорытындысы оқылғаннан кейін кінәсін мойындады.

18 наурызда Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы басталған еді. Бұл істе 23 адам күдікке ілініп отыр. Олар істің 500 томымен танысып шығуы керек.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама