ПОДЕЛИТЬСЯ
25 сәуір 2022 | 08:58
Талғат Ермегияев қоныс колониясына ауыстыруды сұрады
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев соттан өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұрады. Бұл туралы Алматы облыстық сотының Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында айтылды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев соттан өзін қоныс колониясына ауыстыруды сұрады. Бұл туралы Алматы облыстық сотының Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында айтылды.
Қазіргі уақытта Ермегияев Қапшағай іргесіндегі Заречныйдағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол 14 жылдық жазасының жартысына жуығын қатаң режимдегі мекемелерде өтеген. Алайда екі жыл бұрын "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің экс-төрағасы жеңілірек режимдегі колонияға ауыстыруды сұрағаны белгілі болды.
"2018 жылы шілдеде заңнамамыз өзгерді. Осыған байланысты 2020 жылы Ермегияев оған қатысты Қылмыстық кодекстің 6-бабын қолдану туралы, яғни "сотталған адамның жағдайын жақсартатын, жазаны өтеуді жеңілдету туралы" өтінішхат берді. Ол жазасын өтеу үшін ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне жіберуді сұрады.
Сол жылдың желтоқсанында Қапшағай қалалық соты бұл талапты қанағаттандырудан бас тартты. 2021 жылы сотталушының адвокаттарынан осы сот шешіміне шағымдар келіп түскен. Кейінірек сол жылдың ақпанында Алматы облыстық соты шағымды қанағаттандырусыз қалдырды", - деді сот өкілдері.
Қазнетте колонияда жүрген Талғат Ермегияевтің видеосы тарады
2016 жылдың жазында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев аса ірі көлемде пара алғаны және бөтен мүлікті ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айырды. Сол кезде сот оның барлық мүлкін тәркілеуге қаулы еткен еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также