10 наурыз 2022 | 15:13

"Тапсырыстан 2 пайыз": Қызылорда облысында мемсатып алу басқармасының басшысы жұмыстан шығарылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстағы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыс әкімінің өкімімен теріс қылықтарға жол берген Қызылорда облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметінен босатылды", - деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, басқарма басшысына қатысты тәртіптік іс 2022 жылы 25 ақпанда облыстың мемлекеттік қызмет істері агенттігінің этика жөніндегі кеңес отырысында қаралған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері жедел тергеу аясында бұл басқарма басшысы конкурстағы жеңімпаз ұйымдардан тапсырыстың 2 пайызын алуды жоспарлағанын анықтады. Содан кейін мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін жұмыстан босату түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Реклама
Реклама

"Мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмыстан шығарылған адамдар енді мемлекеттік қызметте, сондай-ақ, құқық қорғау органдарында жұмыс істей алмайды", - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная