05 тамыз 2021 | 17:39

Тараз әкімдігінің қызметкерлері кәсіпкерлерден карантинде жұмыс істеуі үшін пара алған

Дина Шарипханова Корреспондент

Тараз әкімдігінің қызметкерлері кәсіпкерлерден карантинде керегісіз жұмыс істеуі үшін пара алған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тараз әкімдігінің қызметкерлері кәсіпкерлерден карантинде керегісіз жұмыс істеуі үшін пара алған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тараз қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғалары карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдамағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен ақша алған.

2021 жылғы 4 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімі шықты:

  • Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.К. Ізбасаровты (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 миллион теңге сомасында айыппұл салу;
  • Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы А. А. Сүйінбековті (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1,5 миллион теңге айыппұл салу;
  • KIDS Park балалар ойын-сауық орталығының әкімшісі Б.М. Шілдебаевті (ҚК-ның 367-бабы 2-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 миллион теңге айыппұл салу", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, Ізбасаров пен Сүйінбеков KIDS Park ойын-сауық орталығының әкімшісі Шілдебаевтың кешені карантин кезінде кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдамағаны үшін жалпы сомасы 200 мың теңге болатын алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының ақша қаражатын алдау және теріс пайдалану жолымен иемденді деп күдікке ілінген. Шілдебаев Тараз әкімдігінің лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 200 мың теңге пара берді деген күдікке ілінді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная