ПОДЕЛИТЬСЯ
21 шілде 2021 | 10:37
Тараз тұрғыны Алматыда өзін полицеймін деп таныстырып, жұртты тонаған
Алматыда Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жұртты тонаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Тараз қаласының 20 жастағы тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жұртты тонаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ш. есімді азамат бұрын да тонау әрекеті үшін сотталған. Бұл жолы қылмыс жасау әдісін өзгерткен. Ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жолаушыларды тонаған. Қаскүнем ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленді", - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Дерек ҚР ҚК-ның 191-бабы 3-бөлігі "Ірі мөлшерде жасалған тонау" бойынша сараланған. Күдіктінің Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі. Қазіргі уақытта ол бес қылмыс жасағаны анықталды.
Айта кетейік, маусымда Алматыда қызды тонап кеткен 18 жастағы қарақшы ұсталды. Қызды тонау сәтінің видеосы бұрын әлеуметтік желілерде тараған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также