ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2023 | 12:09
Таразда дәрігерлер жаңа туған сәбилерді сатты деген күдікке ілінді
Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі қызметкері жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, жаңа туған нәрестелерді сату дерегін анықтады.
"Дерек бойынша 2023 жылдың 12 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды, Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері қамауға алынды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Күдіктілер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура өз бақылауына алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также