ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2022 | 10:29
Таразда ер адам әйелді пышақтап өлтіріп, үйін өртеп кеткен
Таразда ер адам 57 жастағы әйелді пышақтап өлтіріп, үйін өртеп кеткен. Күдікті терезеден қашып бара жатқан кезде ұсталған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Таразда ер адам 57 жастағы әйелді пышақтап өлтіріп, үйін өртеп кеткен. Күдікті терезеден қашып бара жатқан кезде ұсталған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, оқиға 18 мамырда түнгі 00:00 шамасында болған. Куәгерлердің сөзінше, ішімдікке сылқия тойған 32 жастағы жергілікті тұрғын азаматтық некедегі күйеуі бар әйелдің үйіне келіп мазасын алған. Сол жерде жанжал туындап, арты төбелеске ұласыпты.
Күдікті әйелді пышақтап өлтіріп, күйеуін жаралған. Қаза тапқан кісінің кәмелетке толмаған екі қызы қашып үлгеріп, полицейлерді шақыртқан. Ал күдікті қылмысын жасыру үшін үйді әдейі өртеп ізін суытпақ болыпты. Бірақ терезеден сытылып шығамын дегенде ұсталып қалған. 32 жастағы ер адам бұған дейін екі рет сотты болған.
"Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігімен соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтап ұстады. Барлық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также