03 сәуір 2020 | 09:26

Таразда ер адам блокбекетте полицейді ұрып-соққан

Фото: polisia.kz

Төтенше жағдай тәртібін қадағалап тұрған тәртіп сақшысына қол жұмсаған тараздық қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдай тәртібін қадағалап тұрған тәртіп сақшысына қол жұмсаған тараздық қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 1 сәуірінде Байзақ ауданындағы блокбекетте короновирус пандемиясының таралуын болдырмау мақсатында автокөліктерге тексеру жүргізу барысында кезекшіліктегі Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алматы бағытындағы Toyota Corolla маркалы автокөлігін тоқтатқан. Ол көліктегі ер адам заңға бағынбай, полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірген. 

Реклама
Реклама

Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің төтенше жағдай талаптарына сәйкес, тиісті құжаттарынсыз блокбекеттен өткізбей, шектеу қойғанына қарсы шығып, оның бетінен жұдырықпен ұрған.

Күдікті кінәсін мойындап, ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша Тараз қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ұсталған ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы ("Төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына бағынбау") және 380-бабы бойынша ("Билік өкіліне қарсы күш қолдану") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная