Таразда ер адам туған анасына қатысты жантүршігерлік қылмыс жасаған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде ер адамның туған анасына қатысты жасаған сұмдық қылмысы жайлы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде ер адамның туған анасына қатысты жасаған сұмдық қылмысы жайлы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазбаға қарағанда, Таразда 41 жастағы әйел ұлын зорлады деп айыптап, полицияға арыз жазған.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі күдікті жәбірленушіге кім болып келетіні жөнінде нақтыламады. Алайда Тараз Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі ("Зорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағаны хабарланды.

Реклама
Реклама

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 22 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", ― деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын қосты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама