30 қазан 2019 | 09:03

Таразда жетім баланы жылатқан тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

Видеодан алынған кадр. © astanatv.kz

Таразда үш жастағы тастанды баланы жылатқан тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таразда үш жастағы тастанды баланы жылатқан тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, 54 жастағы келіншек енді екі жыл бойы педагогикалық жұмыс істей алмайды және ол мемлекет қазынасына айыппұл төлеуге міндеттелді.

Реклама
Реклама

Жамбыл облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Тахмина Сұлтанова тәрбиешінің өз кінәсін мойындағанын айтты.

"Тәрбиеші өз кінәсін толық мойындап, тергеу ісіне көмектесті. Сот барысында осы жағы ескерілді. Сондықтан оған 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Оның егде жасқа келуі ескеріліп, қаладағы қоғамдық жұмыстарға жегілмейді. Оның үстіне денсаулығы жарамайтыны белгілі болды", - деді судья Сұлтанова.

Еске салайық, 8-қазанда "Үміт" бөбектер үйі тәрбиешісінің баланы жазалап жатқаны таспаланған жазба желіге тарап кеткен еді. Арты үлкен дауға айналып, қоғамның қызу талқысына түсті. Бейнежазбада 30 жылдық өтілі бар маман жылаған 3 жастағы бөбекті аяғынан көтерген қалпы басын салбыратып, бірнеше рет жұлқылайды. Осыдан соң тексеріс басталып, ол жұмысынан уақытша шеттетілген еді. Енді сот үкімінен кейін ол қызметінен біржолата қуылмақ.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, "Үміт" бөбектер үйінің басшысы да жазаланады. Сот тәртіптік жазаға тарту үшін облыс әкімдігінің атына жеке қаулы шығарды. Айта кетейік, бұл балалар үйінде 64 тастанды бала тәрбиеленіп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная