ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қаңтар 2023 | 16:23
Таразда нәресте сатқан акушерлер ұсталды
Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді сатып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді сатып жіберген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтады.
"Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен ("Кәмелетке толмағандар саудасы") соталды тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады. Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 миллион теңгеге сатып жібергені белгілі болды", - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также