ПОДЕЛИТЬСЯ
19 ақпан 2022 | 10:52
Таразда тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелке таратқан адам ұсталды
Жамбыл облысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жанғыш қоспасы бар бөтелкелер таратқан адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"6 қаңтарға қараған түні сағат 20.00-де Тараз қаласындағы Қазыбек би көшесінде сұр түсті Mitsubishi Diamante автокөлігі тұрған. Автокөліктегі адамдар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, жүксалғышқа салып қойған. Көлік жүргізушісі жанғыз қоспасы бар бес литрлік ыдыс алып келіп, бөтелкелерге құйып, митингіге шыққандарға таратқан", - деді полиция өкілдері.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 255-бабы 4-бөлігі бойынша (Терроризм акті) соталды тергеу жүріп жатыр.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер 44 жастағы тұрғынды ұстаған, ол - Алматы облысының бұрын сотталған тұрғыны. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также