Таразда тұрғыннан 5 миллион теңге бопсалады деген күдікті ұсталды: видео

Таразда тұрғыннан 5 миллион теңге бопсалады деген күдікті ұсталды: видео видео кадры

Таразда ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таразда ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық Полиция департаментіне Тараз тұрғыны арызданған. Ол белгісіз біреудің өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, қысым көрсетіп жүргенін хабарлаған.

Өтініш берушінің айтуынша, қаскөй бұл ақпаратты жарияламау үшін 5 миллион теңге талап еткен.

Реклама
Реклама

Қылмыс үстінде ұстау

Азаматтың арызынан кейін полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Жедел іс-шаралар барысында күдікті қылмыс үстінде ұсталды.

Ведомство мәліметінше, ер адам ақшаны алып жатқан сәтте қолға түскен. Бұл қаражат өтініш берушіге қысым көрсетуді тоқтату және әлеуметтік желілерде бұған дейін жарияланған жағымсыз пікірлерді өшіру үшін берілген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама