Таразда "жер учаскесін алуға көмектесемін" деп уәде берген алаяқ әйел ұсталды

Таразда 1,7 миллион те?ге к?лемінде жасал?ан алая?ты? дерегі аны?талды. Б?л туралы Жамбыл облысты? ІІД баспас?з ?ызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таразда 1,7 миллион теңге көлемінде жасалған алаяқтық дерегі анықталды. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2017 жылдың 2 тамызында Тараз қалалық Ішкі істер басқармасының №1 полиция бөліміне 60 жастағы тұрғын 2017 жылдың 15 маусымында Бақытгүл деген әйелдің оның сеніміне кіріп, жер учаскесін алуға көмектесемін деп оның 1,7 миллион теңгесін иемденіп алғанын хабарлаған.

"Жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер алаяқтың кім екенін анықтады. Қысқа уақыт ішінде әйел ұсталды. Ол Жамбыл облысы Сарыкемер ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты. Әйел кінәсін мойындады", - деп хабарлады қалалық ІІД өкілдері.

Реклама
Реклама

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама