09 тамыз 2021 13:27

Тараздағы тұтқынның қашуы: полиция оқиғаның мән-жайын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Полиция Таразда қашып кеткен тұтқынға қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Таразда қашып кеткен тұтқынға қатысты оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиға 5 тамызда болған. Қабырғаға өрмелеп, артынша қашып кеткен сотталушы - Иван Зозуля. Ол бұрын шартты түрде бас бостандығынан айыртылған және тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алынған екен. Алайда колонияға ауыстыру кезінде 26 жастағы Тараз тұрғыны қашып кеткен.

"8 тамызға қараған түні жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде сотталушыны полиция қызметкерлері ұстады. Оқиға сағат 21.00 шамасында Тараз қаласындағы Қарасу ықшамауданында болған. Дерек бойынша ҚР ҚК-ның 426-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, ер адам кінәсін толық мойындап, тергеу изоляторына қамалған.

"2012 жылы Зозуля қаруды заңсыз сақтағаны және есірткі заттарын сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімімен ол екі жыл, 10 ай және 17 тәулікке өтелмеген мерзімге колонияға жіберілді", - деді департамент өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда тұтқын полицейлердің көзінше қашып кеткені хабарланған болатын.

Тұтқынның қашу сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кейін видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрлардан тұтқын әйелімен қалай құшақтасқанын көруге болады. Олардың жанында полицияның қызметтік көлігі бар, ал ішінде полиция қызметкерлері отыр. Ер адам осы сәтте жағдайды пайдаланып, қабырғадағы құбырға өрмелеп, ғимараттың төбесіне шығады да қашып кетеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram