29 қыркүйек 2021 09:17

Текелі тұрғыны ұрланған көлікпен тағы қылмыс жасаған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр polisia.kz

Текелі тұрғыны ұрланған көлікпен тағы қылмыс жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Текелі тұрғыны ұрланған көлікпен тағы қылмыс жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйек айында қала тұрғыны Текелі қалалық полиция бөліміне Mercedes-Benz 709 автокөлігі ұрланғанын айтып шағым түсірген. Қала айналасында орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарау кезінде көлік түнде Текеліде жүргені, кейін қаладан шығуға бет алғаны анықталды.

Көлік Ескелді ауданынан табылды. Оқиға орнына жеткенде Текелі қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы көлікті тексеріп, сыртынан саусақ іздерін тапты. Осы арқылы күдікті кім екені анықталды.

Реклама
Реклама

Екі күннен кейін күдікті ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, оның ұрланған көлікпен тасымалданған қант ұрлығы туралы қылмысқа қатысы бары анықталды.

"Күдікті сол түні қаладағы наубайханалардың бірінен қант ұрлаған. Оған қатысты ҚР ҚК 188 және 200-баптарының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы ДП басшысы Рүстем Мерқұлов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram