25 шілде 2022 | 13:23

Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото shutterstock

Қазақстандықтар белгілі адамдардың атын жамылған алаяқтардың құрбаны болды. Блогер әрі PR-сарапшы Әлішер Елікбаев есімі алаяқтық схемаларда қолданғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар белгілі адамдардың атын жамылған алаяқтардың құрбаны болды. Блогер әрі PR-сарапшы Әлішер Елікбаев есімі алаяқтық схемаларда қолданғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елікбаев айтуынша, оның атынан Қазақстанда жоспарланған Уоррен Баффеттің жабық семинарына шақырту таратылып жатыр. Алаяқтар шақырту үшін 100 мың теңге сұраған.

"Менің парақшаларыма әсер еткен жоқ. Алаяқтар жай ғана балама парақша ашып, ақылы Telegram-арна алып, таныстарыма хабарлама жібере бастайды. Мендегі нөмірлерді алаяқтарға жіберетін фишинг бағдарлама жүктеп алған болармын. Менің ойымша, олар бұл тізім бойынша кездейсоқ хабарламалар жібереді. Мысалы, жақын араласпайтын таныстарым бар, хат алмасып тұрған адам оларға "інішек", "сен" дейді. Алаяқ екенін осылайша түсінеді, өйткені мен әдетте олармен бұлай сөйлеспеймін", - деді блогер Tengrinews.kz тілшісімен телефон арқылы сөйлескен кезде.

Реклама
Реклама

Ол жақын достарының зардап шекпегенін, бірақ бір күнде оған ондаған танысы қоңырау шалғанын айтты. Олар хабарламаны оқығаннан кейін сенбей, жеке сұрауды ұйғарған.

Соған қарамастан, Әлішер Елікбаев құқық қорғау органдарына хабарласуды жоспарламағанын, әлеуметтік желі арқылы таныстарына ескерту жасағанын айтты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де әлеуметтік желіде оның атын пайдаланған шабуылшылар туралы айтты.

"Соңғы бірнеше апта қатарынан әлеуметтік желідегі аккаунттарды бұзу, жалған парақша жасау деректері тіркеліп жатыр. Шабуыл құрбандары арасында көп танымал тұлға бар: бизнесмен, блогер, қоғам қайраткері және т.б.

Өкінішке қарай, менің атымнан Telegram-да достарым мен таныстарымнан қаржылай көмек сұралған. Бұл жалған ақпарат! Сақ болыңыз", - деп ескертті Қарин.

Оқиға туралы "Мемлекеттік техникалық қызмет" (МТҚ) компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне де хабарланды. Олардың мәліметінше, мұндай алаяқтардан зардап шеккен қазақстандықтардың саны артып келеді.

"Алаяқтар Telegram мессенджерінде атақты тұлғаның суреті мен деректерін пайдалана отырып, жалған парақша ашқан. Бұл аккаунттар арқылы қаржылық көмек сұраған хабарламалар жіберіледі. Мысалы, Бейбіт Әлібековтің фейк аккаунты жақын туысы ауруханаға түскенін және шұғыл түрде медициналық ұйымның қызметіне ақы төлеу керек екенін, бірақ картасында ақшасы жоқ деп, банк картасына аударуды сұрайды", - деді МҚТ өкілі.

Бейбіт Әлібеков пен Нұрсұлтан Мағзұмов әлеуметтік желідегі парақшасында жазылушыларына таралып жатқан ақпараттың жалған екенін және олардың атынан алаяқтар әрекет етіп жатқанын хабарлады.

Мемлекеттік техникалық қызмет осы істер бойынша барлық ақпарат, соның ішінде Елікбаевпен болған оқиға Ішкі істер министрлігіне жіберілгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная