28 сәуір 2021 | 17:59

Telegram қолданған. ШҚО мен Алматы облысында есірткі саудалағандар ұсталды

© polisia.kz

ШҚО мен Алматы облысында полиция қызметкерлері кең ауқымды арнайы операция өткізіп, ірі есірткі желісін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО мен Алматы облысында полиция қызметкерлері кең ауқымды арнайы операция өткізіп, ірі есірткі желісін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жеті адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі, олардың үшеуі еліміздің оңтүстігінде тұрған.

"Бірлескен арнайы операция нәтижесінде бір айдан аз уақыт ішінде есірткі құрылымының барлық қатысушысы әшкерленді. Олардың барлығы басқа қалалардан келген, қылмыскерлер қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, жалдамалы пәтерлерді үнемі ауыстырып отырған", - дейді ШҚО полицейлері.

Реклама
Реклама

Алматы облысында қылмыстық топтың барлық іс-әрекетін басқарып отырған есірткі желісінің жетекшісі де анықталды.

Есірткі саудасымен айналысатын әр қатысушының өз рөлі болған. Белгілі бір топ есірткіні жеткізуге жауапты болған, енді біреулері оны дозасы бойынша өлшеп, кейіннен қала бойынша арнайы орындарға қойып кетіп жүрген. Тінту барысында шамамен 10 келі сатуға дайын синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 100 мың реттік дозаға тең.

"Есірткі тасмалдаушыларға тауар көлік-логистикалық компаниялар арқылы жасырын қосалқы бөлшектер түрінде жөнелтілген. Есірткісі жасырылған барлық автобөлшектерді қызметтік-іздестіру иттері таба алмайды деген үмітпен, лак-бояу материалдарымен мұқият бояған", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Есірткіні алғаннан кейін, оны қоятын адамды ешкім байқамас үшін тауарды арнайы орындарға түнгі уақытта қойып отырған. Биыл сәуірдің басында ауқымды ұстау басталды. Бір апта ішінде қала аумағында әрекет еткен барлық есірткі тасымалдаушы қамауға алыны хабарланды.

Сонымен қатар, Алматы облысы Талғар ауданы Қызылқайрат ауылындағы жалдамалы үйде синтетикалық есірткіні дайындап, өлшеп-орайтын есірткі зертханасын ұйымдастыруға тұтастай бір отбасының қатысы бар екені анықталды.

"Олардың психотроптық заттарды жартылай дайын күйде қойып кету жолымен алып, оны тұтынуға дайын күйге дейін жеткізіп отырғаны анықталды. Тергеу барысында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы есірткіні байланыссыз таратумен айналысқаны, ал әлеуетті клиенттерден төлемді электрон төлем жүйелерінің көмегімен қабылдағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Ауқымды арнайы операция нәтижесінде 21-49 жас аралығындағы жеті адам қамауға алынды.

Тәркіленген заттардың "қара базардағы" құны шамамен 167 миллион теңгеге бағаланады. Күдіктілердің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сараланды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная